Медбике ісі бөлімі 1936 жылдан бастап өз жұмысын жүргізіп келеді.
Мейіргер - арнаулы орта медициналық білімі бар, өз бетінше алғашқы медициналық көмек көрсете алатын емдеу-алдын алу мекемелеріндегі дәрігердің көмекшісі болатын медицина қызметкері.
Тарихтағы алғашқы медбике - Флоренс Найтингейл (1820-1910жж.). Ол 1853 – 1856 жылдардағы Қырым соғысы кезінде тұңғыш рет санитарлар отрядын ұйымдастырып, өзі жетекшілік еткен. Британ армиясында жүріп алғашқы санитарлық іс-шаралардың жиынтығын ұйымдастырған (1854-1855жж.).
Флоренс Найтингейл Лондондағы Әулие Томас ауруханасында орта және кіші медициналық қызметкерлерін дайындайтын мектептің негізін салушы, 200-ден астам мақала мен кітаптың авторы. Ең атақты шығармасы - “Жан-жақты көмек туралы жазбалар” атты кітабы(1860ж.).
1912 жылы Халықаралық Қызыл крест комитеті Флоренс Найтингейл атында медаль шығаруға шешім қабылдаған.
Оқыту мерзімі - 3 жыл, 10 ай ( 9-дан кейінгі);
Оқыту мерзімі - 2 жыл, 10 ай ( 11-ден кейінгі);