Қазақстан Республикасының Президен-ті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050 стратегиясы: бір мақсат, бір мүдде, бір тағдыр» жолдауында «біз еліміздің мүмкіндіктері шектеулі азаматтары- мызға аса көңіл бөлуіміз керек.
Оларға Қазақстан шектеусіз аймақ болуы тиіс. Осы адамдарға көмектесу біздің өзіміздің және қоғам алдындағы міндетіміз. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар жұмыс істей алады....», - деген.
Инклюзивті білім алу – жалпы білім трансформациясының бір процесі, ол қазіргі қоғамда мүгедектерді де социумға тарту керек деген тұжырымға негізделген.
Бұл трансформация барлық адам үшін білім алудың қол жетімді шарттарын қалыптастыруға бағытталған, сондай-ақ, кемтар адамдар үшін де білім алу мүмкіндігін қамсызтамасыз етеді.
2015-16 оқу жылында Талдықор-ған медициналық колледжі облыстық әкімшіліктің қолдауымен көру мүмкіндіктері шектеулі білімгерлерді «Мейіргер» мамандығы бойынша «Массажист» біліктілігі тобына қабылдады.
Оқу мерзімі - 1 жыл 10 ай.