Кәсіптік қызмет объектілері:
- әйелдер мен қыздар.
Кәсіптік қызмет орындары:
- әртүрлі меншікті емдеу - алдын алу мекемелері: амбулатория, аудандық аурухана, ауылдық дәрігерлік аурухана, фельдшерлік – акушерлік пункт, медициналық – санитарлық бөлім, профилакторий мен сауықтыру орындары, медициналық сақтандыру, әлеуметтік қызмет салалары.
Кәсіптік қызмет түрлері:
- емдеу; санитарлы – профилактикалық көмек; салауатты өмір салтын насихаттау.
Акушер - орта арнаулы медициналық білімі бар, өз бетінше әйелге алғашқы медициналық жәрдем бере алатын медициналық қызметкер және дәрігер акушер-гинекологтың көмекшісі.
Акушер денсаулық сақтау саласында ерекше қызмет атқарады, өйткені ол «жаңа адамның өмір есігін» ашуға көмектеседі және оның анасының да «өмірінің сақшысы». Ол өз еңбегі арқылы денсаулық сақтау саласына жаңа тыныс береді.
Оқыту мерзімі - 2 жыл, 10 ай (11-ден кейінгі);